2023 жылғы Ғылым жөніндегі ұлттық баяндама әлемдік және қазақстандық ғылымның жағдайына, даму үрдістері мен перспективаларына, сондай-ақ отандық ғылымның айтарлықтай маңызды жетістіктеріне жасалған талдаулардан тұрады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия белгілеген Қазақстан ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес іргелі және қолданбалы зерттеулердің 2023 жылы іске асырылуына, сондай-ақ 2023 жылға арналған ғылымды дамытудың негізгі бағыттары бойынша республикамыздағы ұйымдар мен ғалымдардың ғылыми қызметінің нәтижесіне жасалған талдау ұсынылды.