Жер, Ғарыш және коммуникациялар туралы
Елдің экономикасына ғылыми зерттеулер нәтижелерін тиімді енгізу, ғылыми кадрларды дамыту және негізгі ғылыми бағыттарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының базасында «Жер, Ғарыш және коммуникациялар ғылымдар орталығы» құрылды (2023 жылғы 5 мамырдағы № 4-П бұйрығы). Орталықтың миссиясы – Жер, ғарыш және коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды біріктіру арқылы олардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер маңыздылығын арттыру.
Біздің зерттеулер
Орталық Қазақстандағы ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарын анықтауға арналған форсайттық зерттеулер жүргізуге белсенді қатысады. Бұл зерттеулер энергетика секторы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалану сияқты маңызды салаларды қамтиды. Форсайттық зерттеулер елдің ұзақ мерзімді стратегияларын қалыптастыруға негіз болады, бұл Қазақстанның тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Жер, ғарыш және коммуникациялар саласында басым ғылыми зерттеулерді үйлестіру және өткізу;
Экономиканы жаңғырту және тұрақты даму үшін ғылыми-техникалық шешімдерді енгізу;
Халықаралық және отандық серіктестермен ынтымақтастық аясында ғылыми инфрақұрылымды дамыту;
Ғылым, өнеркәсіп және бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Орталықтың жұмыс тобына жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар кіреді. Негізгі бағыттар ғылым мен білімнің өзекті мәселелері бойынша кадрлық әлеуетті дамыту, технологиялар трансфері және ұсынымдарды әзірлеуді қамтиды. Орталықтың қызметіндегі маңызды аспектілердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша ғылыми ұсынымдар дайындау және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру.
Жер, ғарыш және коммуникациялар саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми форумдар мен конференциялар өткізу;
Ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Жас ғалымдарды қолдау және жастар арасында ғылым жетістіктерін насихаттау мақсатында семинарлар мен біліктілікті арттыру бағдарламалары арқылы қолдау көрсету;
Зерттеу нәтижелерін жариялау және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу арқылы ілгерілету.
Орталықтың жұмысының нәтижелері бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарға енгізу үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін қарарлар мен ұсыныстарда көрініс табады, бұл Қазақстандағы ғылым мен технологияларды дамытуға ықпал етеді.