Өмір және денсаулық туралы

Depositphotos_273795142_DS467
Depositphotos_102408714_DS467

Өмір және денсаулық туралы

Өмір және денсаулық ғылымдар орталығы медицина және фармацевтика саласындағы, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғалымдарды біріктіреді (медицина мен Фармацияның түйіскен зерттеулерімен айналысады). Орталық өз қызметінде ҚР Заңдарын, Бұйрықтарын және өзге де нормативтік құжаттарын басшылыққа алады. 

 

Орталық медицина ғылымын, сонымен қатар өңірлік медицина ғылымын дамыту үшін меншік нысанына қарамастан медициналық университеттермен, ғылыми зерттеу институттарымен, ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатып жұмыс атқаруда. 

Біздің зерттеулер

Орталықтың негізгі міндеті-форсайттық зерттеулер жүргізу, ғылым мен технологиялар саласындағы басымдықтарды айқындау, стратегиялық бағдарламалар мен ұсыныстар дайындау, Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру, жетілдіру және іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және ғылыми білімді, ғылым мен техниканың жетістіктерін дәріптеу. 

 

Қойылған міндеттерді орындауға және Орталықтың функцияларын іске асыруға жұмыс топтарының мүшелері, Өмір және денсаулық ғылымдар бағытындағы Жас ғалымдар кеңесі Төралқасының мүшелері атсалысуда. 

  1. Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновациялық зерттеулер;
  2. Отандық фармацевтикалық ғылымды, өнеркәсіптік және экологиялық биотехнологияны дамыту;
  3. Молекулалық биология, генетика, эпигенетика, биохимия, неврология саласындағы іргелі зерттеулер;
  4. Жас ғалымдарды қолдау және ғылым жетістіктерін жастар арасында насихаттау мақсатында оқыту семинарлары мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру;
  5. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау және оларды мемлекеттік органдармен және ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнату арқылы ілгерілету;
  6. Медицина бағыты бойынша, шет елдік ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету.

Орталықтың жұмыс тобы құрамына Қазақстанның жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобының қызметі ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге, ғылыми кадрлардың әлеуетін дамытуға, инновациялық технологияларды трансферттеуге және саланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Орталықтың қызметінің нәтижесінде әзірленген қарарлар мен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жіберіліп, оларды мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарға енгізу мақсатында қарастырылады.