Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Ғылым академиясы) жас ғалымдардың басын қосып, дөңгелек үстел өткізеді. Шараның басты мақсаты – отандық ғылымды дамыту.
Ғылым академиясы жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлмек. Олардың ойын тыңдап, ғылымға жанашыр азаматтардың ортасын қалыптастыруды көздейді. Аталған басқосуда саладағы түйткілді мәселелер айтылып, оның шешімі ортаға салынады. Бұл жас ғалымдар үшін ұсыныс айтатын, кері байланыс орнататын таптырмас алаң болғалы тұр.
Құрметті БАҚ өкілдері, ғылым халі Мемлекет басшысынан бастап, әрбірімізді алаңдататыны сөзсіз. Ғылым академиясы ұйымдастырып отырған бұл басқосу болашақ үшін маңызды. Сондықтан шараның қадірлі қонағы болып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!
Уақыты: 25 мамыр 2023 жыл, сағ 10:00
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Сәтбаев көшесі 22. Тау-кен корпусының акт залы
Байланыс: Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95
19.05.2023