Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ғылым академиясы) 23 тамыз күні «Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өтеді.

Шара Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндері аясында әрі екі елдің ғылыми қауымдастығын ортақ іске жұмылдыру мақсатында өтпек. Шараға Қазақстан мен Тәжікстанның үздік ғалымдары қатысады. Олар екі елдің ғылыми әлеуеті мен перспективалары, сауда экономикалық ынтымақтастығы, уран өнеркәсібі қалдықтарын оңалту мәселелері сынды өзекті тақырыптарды талқылайды. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық нормаларын әзірлеу мен биологиялық қауіпсіздік саласы сөз болмақ. 

Дөңгелек үстел модераторы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Вице-президенті Ләззат Тасболатқызы. Қатысушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Вице-президенті Дархан Нұрланұлы, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының (ТҰҒА) вице-президенті, физика-математика ғылымдары, химия, геология және технологиялар бөлімінің төрағасы Гулчехра Кохирова, ТҮҒА экономика және демография институтының директоры Нант Шариф Рахимзода, ТҰҒА геология, сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмология институтының директоры Пулод Аминзода, ҚР БҒМ Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев және басқа да қазақстан мен тәжік ғалымдары қатысады.

Құрметті БАҚ өкілдері, іс-шараның қадірлі қонағы болып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз! 

Уақыты: 23 тамыз 2023 жыл

Мекен-жайы: Satbayev University, Сәтбаев көшесі, 22. Корпус – ТМҒ (ГМК).

Байланыс: Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95

23.08.2023