Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Ғылым академиясы) БАҚ өкілдерін «1st business and science event» форумына шақырады. Ғылым мен бизнесті байланыстыратын шара елде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Ғалымдардың үздік ғылыми жобаларын бизнес өкілдеріне көрсетіп, оны өндіріске айналдыру мақсатында өткелі отырған шара отандық ғылымға айтарлықтай серпін бермек.

«1st business and science event» аясында беделді бизнесмендер мен ғалымдар тәжірибе алмасып, әр түрлі тақырыпта шеберлік дәрістер өтеді. Одан өзге ғылым мен бизнеске сәтті деп танылған жобалар аясында ынтымақтастық туралы келісімдер болмақ.

Сыйлы қонақтар сапында бизнесмен Мұхтар Жәкішев, Freedom Holding Corporation құрушысы Тимур Турлов, CEO «Freedom Telecom Holding» әрі  «Sergek» негізін қалаушы Кайрат Ахметов, «Көркем Телеком» директоры Әсет Ахметов, «Qazbiopharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры Ерғали Абдураимов, «Astana  Vision» клиникалар желісінің құрушысы әрі құрылтайшысы Владимир Ким және өзге де бизнес өкілдері мен ғалымдар бар.

 Форум барысында ғалымдардың коммерциализацияға дайын тәжірибелік үлгілерін қамтитын ғылыми-инновациялық көрме өтеді.

Құрметті БАҚ өкілдері аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Уақыты: 30 қыркүйек 2023 жыл, 09:00-13.00

Мекен-жайы: «Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty», Таусамалы шағын ауданы 50а

Байланыс: Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95