Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков ұйымдастырған жиынға қатысты.
Шараға ТМД елдерінің өкілдері қатысты. Олар тараптар арасындағы ғылыми дәрежелерді айқындау мен тану сөз болып, ортақ келісімге келу перспективалары талқыланды.
Валерий Фальков кездесуге қатысқаны үшін Күнсұлу Закарьяға алғыс білдіріп, екі елдің өзара іс-қимылының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, Күнсұлу Закарья тамыз айынан бастап мүше атанған Ресей Федерациясының ЖАК отырысында сөз сөйледі. Отырыс ЖАК-тың 90 жылдығы аясында өтті. Жиында ТМД кеңістігінде ғылыми дәрежелерді өзара тану туралы келісім жобасын әзірлеу тәсілдері талқыланды.
ЖАК төрағасы Владимир Филиппов «мұндай келісім ғалымдар мен ізденушілерге мол мүмкіндік береді. Басқа елдерге шығуға және сол жерде кандидат, ғылым докторы болуға мүмкіндік береді. Одан өзге де перспективалар бар. Мысалы, ғылыми дәрежеге үміткерлер тек Ресейде ғана емес, ТМД елдерінің басылымдарында да мақалалар жариялай алады», – деді.