Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закарья мен Ресей Ғылым Академиясының президенті Геннадий Красников ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қазақстандық және ресейлік ғалымдар келісім аясында тараптардың кітапханаларына, мұрағаттарына және электрондық ресурстарына қол жеткізе алады. Сондай-ақ бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеу, іске асыру, бірлескен ғылыми конференциялар, ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру көзделді.
Геннадий Красников Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА делегациясын Мәскеуде өтетін Үлкен Еуразия елдері жас ғалымдарының академиялық форумына қатысуға шақырды.