Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының өкілдері (бұдан әрі – Ғылым академиясы) 18 қазан күні Абай облысына жұмыс сапарымен барды.  Академия делегациясы Ядролық медицина және онкология орталығының жұмысымен танысты. Кездесудің басты мақсаты екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру.

ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Вице-президенті Ляззат Ералиева мен орталық басшылығы Қазақстанда ғылымды жан-жақты қолдауға және дамытуға бағытталған елдегі маңызды өзгерістер, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының басты басымдықтарын талқылады.

Ядролық медицина және онкология орталығының мүмкіндіктері орнасан. Пациенттерді қабылдайтын мамандандырылған медициналық бақылау бөлімшесінің, сондай-ақ барлық маңызды зертханалық зерттеулер жүргізілетін морфология және клиникалық диагностика бөлімшесінің жұмысы көрсетілді. «TrueBeam» желілік үдеткіші, брахитерапия жүргізуге арналған аппарат, гамма-терапиялық аппараттар, сондай-ақ виртуалды симуляция функциясы бар бірегей компьютерлік томограф құрылғылары орталықты өзгеден ерекшелеп тұр.

Кездесудің маңызды бөлігі радиоизотоптық диагностика бөлімшесінде өтті. Әртүрлі радиофармпрепараттарды қолдана отырып, компьютерлік томографпен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография аппараттарында, сондай-ақ бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографта пациенттерге жоғары технологиялық тексерулер жүргізіледі. Осы бөлімшеде ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Вице-президенті Ляззат Ералиева ядролық медицина дәрігерлерімен кездесіп, жас мамандарды ғылыми қызметке белсенді қатысуға шақырды.

«Қазақстанда жас мамандарға ғылыммен айналасуға зор мүмкіндіктер бар. Мемлекеттік қолдаудан басқа, өздерінің ғылыми әлеуетін кеңейтуге және іске асыруға көмектесетін көптеген шетелдік гранттар, жобалар жеткілікті. Сондықтан біз барлық жас маманды, әсіресе «ядролық медицина» сияқты бірегей бағыттағы мамандарды ғылымда белсенді болуға шақырамыз. ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы да барлық қолдауды көрсетуге дайын», – деді Ләззат Ералиева.

         Кездесуді қорытындылай келе, Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері Орталықтың техникалық мүмкіндіктері мен ғылыми әлеуетін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор екендігін атап өтті.

Құрметті БАҚ өкілдері аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95