30 қараша, 2023 ж. II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫ «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ  МЕН  БІЛІМІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕР»

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Тұрақты даму мақсаттары аясында жаратылыстану ғылымдары  мен  білімінің даму мәселелері»  атты II Халықаралық жастар ғылыми форумының жұмысына қатысуға шақырамыз.

ФОРУМ  МАҚСАТЫ —  тұрақты даму идеяларына сәйкес қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары мен білім берудің даму тенденцияларын талдау.

ФОРУМ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  1. Жаратылыстану ғылымдары мен  білім беру парадигмалары.
  2. Климаттың өзгерістері және аймақтардың тұрақты дамуы.
  3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және «жасыл» технологиялар.
  4. Тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы стратегиялар мен серіктестіктер.

ФОРУМНЫҢ РЕСМИ ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

ФОРУМНЫҢ ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 30 қараша, 2023 ж.

ҚАТЫСУ ШАРТЫ: офлайн және онлайн форматта ZOOM платформасы

https://zoom.us/j/97141617462?pwd=OFlDVjlaZytZaTArSkozem14K2Y4QT09

конференция идентификаторы: 971 4161 7462., Код: 755404

Платформаға қосылу 30 қараша сағат 9:30 да қол жетімді болады. Форумның басталуы сағат 10:00 (Алматы қ. уақытымен).

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ: форумға қатысу үшін 21.11.2023 ж. дейін тіркелу  қажет. Форумға қатысушының тіркеу нысаны 1-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ жинаққа арналған секциялар бағыты бойынша баяндамалардың материалдарын қатысушылар 2023-жылдың 21 қарашасына дейін (хаттың атауын «Халықаралық форум» деп көрсету қажет) 3 тілдің бірінде (қазақ, орыс, ағылшын) nauka.zhgi@gmail.com почтасына жіберуі тиіс.

Форумға ұсынылған баяндамалар электронды жинақ түрінде жарияланады. Форумның ұйымдастыру комитеті форум жұмысының негізгі бағыттарынан тыс мәлімделген баяндамаларды қабылдамау және жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын тезистерді жариялау құқығын өзіне қалдырады. Мәтін стилистикалық және техникалық түрде өңделуі керек. Ұйымдастыру комитеті материалдардың мәтінін редакциялауды көздемейді. Форум қорытындысы бойынша тезистер жинағы электрондық форматта жарық көреді.

ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 050010, Қазақстан Республикасы.  Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Абай атындағы ҚазҰПУ.

Байланыс телефондары: 8 (727) 291-47-66 (институт директоры), Жасаралова Айжан – +7 747 535 0402, Жасымбек Бибіжамал – +7 747 151 6632;

Факс: 8(727) 291-47-66; E-mail: nauka.zhgi@gmail.com.

Формуның ашылуы сағат 2023 жылдың 30 қараша күні, сағат   10.00-де басталады.

Мақала құрылымына қойылатын талаптар: Кіріспе. Зерттеу әдістері. Нәтижелер. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.  

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Жарияланған жұмыс мұқият өңделуі керек. Мақалаларды жариялау кезінде оларды техникалық редакциялау көзделмейді.

  •  Баяндамадағы мәтіннің көлемі 5 беттен аспайтын ғылыми мақала, электрондық нұсқада басылған  Microsoft Word файлы түрінде жіберілуі тиіс.
  • Қарпі – «Times New Roman».
  • «Қағаз өлшемі – А4, парақ бағдары – кітаби.
  • Кеглі -12 (суреттер мен кестелерде 10 кем болмауы керек), жоларалық интервалы — 1,0. Жоғарғы және төменгі өріс — 2 см, сол өрісі — 3 см, оң өрісі – 1,5 см.
  • Абзац: бірінші жол шегінісі 1,0 см, енінен туралау.
  • Файлдың атауы автордың тегімен белгіленуі тиіс.
  • Мақаланың бірінші абзацы: ортадан, қалың бас әріппен мақаланың атауы толық жазылуы қажет.
  • Мақаланың екінші абзацы: қарпі курсив,  оң жаққа туралау — автордың (соавторлардың) ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, толық А.Ж.Т. (12 шрифт).
  • Мақаланың үшінші абзацы: қарпі курсив оң жақа туралау қаласы, қызмет орны (қысқартуға болмайды, толық атауы көрсетілуі тиіс) (12 шрифт) (төмендегі үлгіге сәйкес). (Қосымша 2)
  • Мақаланың төртінші абзацы:  ортадан, курсив —  түйіндеме және кілтті сөздер (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде) (12 шрифт).
  • Әдебиеттер тізімі (12 шрифт) мақаланың соңында ГОСТ Р 7.1-2003 сәйкес әдебиеттерді пайдалану тәртібімен ресімделеді. Мәтіндегі тиісті дереккөздерге сілтемелер беріліп төртбұрышты жақшада ресімделеді, мысалы [5, с.17] сияқты бет көрсетіледі. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға жол берілмейді.
  • Мәтінде бет нөмірі көрсетілмейді.
  • Мақаланың (тезистердің) мәтіні мұқият оқылып, өңделуі керек, авторлар мақалалардың мазмұнына, мақалада келтірілген фактілердің, дәйексөздердің, статистикалық және өзге де деректердің, атаулардың және басқа да мәліметтердің дұрыстығына жауап береді (төмендегі ресімдеу үлгісін қараңыз).

Қосымша 1

Автор туралы мәлімет

Өтінім
1Аты жөні, тегі (толығымен)* 
2Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы 
3Мекеменің толық және қысқартылған атауы, Орналасқан мекен жайы (елді мекен)* 
4Соавторлар (аты-жөны, тегі толығымен), (бар болған жағдайда міндетті түрде көрсетуі керек) 
5Мақаланың атауы (тезис) * 
6Секцияның нөмірі мен атауы 
7Телефон 
8E-mail* 

*міндетті түрде толтырылуы тиіс

Қосымша 2

Мақаланы дайындау үлгісі

ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ

Абдиманапов Б.Ш., г.ғ.д.,  профессор География және экология кафедрасы,

Абай атындағы ҚазҮПУ  

 Алматы қ., Казахстан

Түйін (12 шрифт)

Мақаланың жазылу тіліне сійкес кақаз тіліндегі мәтінге орысша резюме, орыс тіліндегі мәтінге қазақша түйіндеме, ағылшын тіліндегі мәтінге summary жазылады.

Түйін, түйін, түйін, түйін, түйін, түйін, түйін, түйін, түйін, түйін, түйін.

Кілтті сөздер: Кілтті сөздер, Кілтті сөздер, Кілтті сөздер, Кілтті сөздер.

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [3, 85б.]. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні (1-кесте). (12 шрифт)

Кесте 1 – Кесте атауы  (10 шрифт)

МәтінМәтінМәтін
МәтінМәтінМәтін
МәтінМәтінМәтін

Әдебиеттер тізімі:

  1. Попов В.И. Биология пәнін (6-11 сыныптар) оқыту үрдісінде экологиялық ұғымдарды қалыптастырудың оқу-әдістемелік жүйесі (жаңа буын оқулықтары тәжірибесі негізінде). //  Вестник КазНУ им. Аль-Фараби (Серия биологическая). – №2 (64). – Алматы, 2015. – С. 544- 552.
  2. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: учебник для вузов. – 5-е изд. – СПб.: Питер, 2006. — 448 с.
  3. Аубакиров   Я.А. Кокуренция – закономерность рыночных отношений // «Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы». ҚР-ның 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 2 бөлім. – Б. 9-14.
  4. На СФ приступили к третьему этапу комплексной экспедиции на архипелаг Новая Земля. [Электрондық ресурс] – URL: http://mil.ru/ec/info/more.htm?id=12188545@egNews
  5. Қазіргі педагогикалық кеңістікте тұлғаны әлеуметтендіру траекториясы [Мәтін]: монография / Т.Н. Искандирова, Д.В. Лепешев, К.С. Шалгимбекова, / Под общ.ред. Н.В. Колодий. — Қостанай: «Перспектива» ҒБО, – 2011. – 150 б.

Құрметпен форумның ұйымдастыру комитеті!