Бүгін «Халықаралық зерттеулер орталығында ҚР Ұлттық тобының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» ғылыми академиялық семинар өтті.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА ұйымдастырған шараны академияның вице-президенті Абай Серікқанұлы ашып берді.
«Бүгінгі шара отандық ғылымды дамытуға әрі танытуға арналып отыр. Бұл іске атсалысып жатқан әрбір азаматқа алғыс айтамын. Екінші басқосуымыз қызықты әрі пайдалы өтеді деп ойлаймын. Бұған дейін де жақсы пікірлердің талқысына куә болғанбыз. Ғылымдағы басты бағыттарды, оны танытудың тың тетіктері жайлы ақпар алатындарыңызға сенімдімін» деді А. Серікқанұлы.
Семинарда Ержан Мұхамеджанов, Дастан Ибадуллаев, Досбол Байгарашев, Мейір Ердәулетов, Виктория Дик және Елена Мажитова сынды білікті мамандар тәжірибелерімен бөлісті. «Біріккен ядролық зерттеулер институты ядролық реакциялар зертханасында жаңа аса ауыр элементтердің синтезі», «CERN-дегі к-мезондық физика», «Летий-ионды аккумуляторлардың микроқұрылымын олардың жұмсамалы сипаттамаларын зерттеу», «Байкал нейтринді телескоп ғаламды зерттеу құралы» тақырыптарында қызықты ақпараттар айтылды.