ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар мен Алматы қаласындағы вице-консул Милад Самет Хейрандиш қонақта болды.араптар екі ел арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, ынтымақтастық орнату туралы сөз қозғады. Ғылыми жобаларды бірлесіп дайындау мен тәжірибе алмасу туралы айтылды.
Қазір Иран Республикасының ғылымы қарқынды дамып келеді. Мемлекет ғарыш саласына, робот жасау, нанотехнология мен математикаға айрықша көңіл бөліп отыр.