Өзбекстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына 80 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ташкент қаласында Өзбекстан Ғылым академиясының 80 жылдығы атап өтілуде. Шара аясында «Ғылым – Жаңа Өзбекстанның іргетасы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Алқалы жиында ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья арнайы сөз сөйлеп, бауырлас елдердің ғылым саласындағы бірлесіп атқарар жұмыстары туралы айтты. Сондақ-ай отандық ғылымның даму қарқынын да тілге тиек етті.

Өзбекстан ғылым академиясы 1943 жылдың 4 қараша күні құрылған. Құрамында 40-қа жуық ғылыми бөлімше мен 3 өңірлік бөлімше бар