Ағымдағы жылдың 25-27 желтоқсан аралығында Түркияның Ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесі және Түркі академиясының ұйымдастырумен «Өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы ғылыми негізделген көпжақты ынтымақтастық пен бірлестік» шарасы өтті.
Шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья және Түркия Республикасындағы және Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлымен кездесті.
Кездесу барысында еліміздің ғылым саласындағы жетістіктері мен өзекті мәселелері, сондай-ақ бұл бағытта Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.