Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеулер кеңесі (TÜBITAK) ұйымының Президенті-профессор доктор Хасан Мандалмен Академия Вице-президенті Дархан Билялов пен Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры Анар Мұхтарова кездесу өткізді. TÜBITAK Түркиядағы жетекші басқару, қаржыландыру және зерттеу мекемесі болып табылады. Кездесу барысында TÜBITAK ұлттық мақсаттар мен басымдықтарға сәйкес зерттеулер мен әзірлемелерді ілгерілетуге, дамытуға, ұйымдастыруға, жүргізуге және үйлестіруге жауап беретіндігін көрсетіп, болашақта Академиямен ынтымақтастық құрып, ортақ жобалар жасау мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.