2024 жылдың 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «QazScience: ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім әзірлеу және ғылыми жоба жұмыстарын орындау мен басқару» тақырыбында ғылыми академиялық семинары өтті.
Ғылыми академиялық семинарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдары, жоба жетекшілер Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы және Байшемиров Жарасбек Дүйсембекұлы баяндама жасады. Баяндамашылар жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беруден бастап, сараптамалық бағалауға дейін туындаған мәселелер туралы жаң-жақты, талдамалы ақпараттар ұсынды.
Аталған семинар гибритті форматта өтті. Семинарға 80 жас ғалым офлайн, республика бойынша 200-ге жуық жас ғалымдар онлайн қатысты.
Ғылыми академиялық семинар жас ғалымдар тарапынан қызығушылықпен қабылданып, ой пікір білдіріп, ғылыми зерттеу жобаларын жүргізу барысында туындағын сұрақтарына спикерлер тарапынан толық жауаптар алынды.