«QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ мен француздық Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниялар арасында келісімшартқа қол қойылды

🇰🇿🇫🇷 «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ мен француздық Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасындағы лицензия, жеткізілім және серіктестік туралы келісімшартқа қол қойылды.

2024 жылғы 16 қаңтарда Париж қаласындағы, Қазақстан Республикасының Елшілігінде «QazBioPharm» ұлттық холдингі»мен «Boehringer Ingelheim Animal Health France» компаниясы арасында лицензия, жеткізілім және серіктестік туралы келісімшартқа қол қойылды.

Бұл ынтымақтастық бойынша Қазақстан ХЭБ стандарттары бойынша аусылдың алдын-алу мүмкіндігіне ие болады және етті шетелдік нарыққа, оның ішінде ЕО елдеріне экспорттау мүмкіндіктері ашылады.