InnoBoost Winter-2024

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Almaty Management University Технологияларды коммерцияландыру орталығымен (ТЦК), Аризона Мемлекеттік Университеті жанындағы Thunderbird жаһандық менеджмент мектебімен бірлесіп, Алматы қаласын цифрландыру кафедрасының және MOCT Business Intelligence қолдауымен инновациялық бағдарлама- InnoBoost Winter-2024 өткізді.

Innoboost Winter-2024 іс-шарасында ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Вице-Президенті Серікқанов Абай Серікқанұлы ашылу салтанатында сөз сөйлеп, пленарлық отырыста Almaty Management University-мен бірге ынтымақтастық туралы жайлы меморандумға қол қойылды.

Жер, ғарыш және коммуникация ғылымдары орталығының басшысы, NURIS экс-бас директоры Жакупов Айдар Бексұлтанұлы сессия жұмысына қатысып ҚР ҰҒА стратегиялық жоспарымен және отандығ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруда өңірлік ғылымды дамыту туралы ойын білдіріп өз тәжірибесімен бөлісті.

Аталған іс-шара ғалымдарға өз жобаларын жаһандық әлемде патент алуды, зияткерлік меншіктер обьектілерін беру/тіркеу бойынша, әзірлемелерін коммерцияландыруға және инвестор табуға бағытталған!

InnoBoost Winter — 2024 іс-шарасы екі айға созылмақ, семинар сессияларында отандық, шетелдік танымал бизнес өкілдері, венчурлық қорлар жетекшілері, коучерлер, Start Up компания өкілдері, шетелдік заңгерлер, креативті индустрия саласының мамандары мастер класстар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.