2024 жылдың 08 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті берлесе ғарыштық сәулеленуді зерттеудің өзекті мәселелеріне арналған «Cosmic Rays: From Dark Matter to Cosmic Radiation» тақырыбында ғылыми-академиялық семинар өткізді.
Семинардың негізгі спикері Таяу Шығыс техникалық университетінің Физика кафедрасының профессоры Мелахат Билге Демиркоз осы саладағы соңғы жаңалықтары мен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндама жасады.
Мелахат Билге әлемдік деңгейдегі Massachusetts Institute of Technology (M.I.T.) оқу орнының үздік түлегі, Oxford University (Ұлыбритания) докторантурасын тәмамдап, физика ғылымдарының докторы атағын иеленген. Шет елдік ғылыми журналдарда жарияланымдар саны 330 асады және ең жоғары дәйексөздер саны мен Хирш индексіне ие.
Түрік ғылыми қауымдастық ғалымдарының пікірінше алдағы Нобель сыйлығының лауриатына бірден-бір үміткері ретінде санайды.
Академиялық семинар ғарышты зерттеу саласындағы жетекші ғалымдар мен білікті мамандарды бір ортаға жинап, ғылыми инновациялық идеялармен алмасуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Семинарға Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы, аталған оқу орны ректорының өкілі, ғылым докторы, профессор Пеями Баттал, Қ.И. Сәтбаев атындағы физика-техникалық институтының директоры Ыдырысова Тынық Қайратқызы құрметті қонақ ретінде қатысты.
ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА-ның Вице-президенттері Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы және Ералиева Ляззат Тасбулатовна ғылыми-академиялық семинар қонақтары мен қатысушыларына іс-шараның өтуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, ғарыштық сәулелер саласындағы зерттеулерді одан әрі дамытуға шақырды.
Семинарға қатысушы ЖОО және ҒЗИ жетекші ғалымдары ғарышты зерттеу бағытындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қолдауда халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.