Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Басты тақырып қазіргі заманғы жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі болды.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары, Министрліктің ҒЗИ және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, мектеп мекемелерінің директорлары қатысты.
Басқарма Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен алқа мәжілісінде сөйлеген сөзін төмендегі видеодан тамашалап, тыңдай аласыздар.