ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Satbayev University және «Физика-техникалық институты» бірлесіп 15-16 ақпан 2024 жылы ҚР ҰҒА академигі Эрнст Гербертович Боосты еске алуға арналған «Жоғары энергия физикасы, материалтану және нанотехнология» (ICHEPMS-2024) бойынша 2-ші халықаралық конференция өткізді. Конференцияға алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерінің белгілі ғалымдары, қазақстандық ғылыми ұйымдар мен мемлекеттік органдарының басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру ұйымдарының өкілдері, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары қатысты.
Конференцияның мақсаты — жоғары энергия физикасы, ғарыштық сәулелер, материалтану және нанотехнологиялар саласындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау.
Конференция – инновациялық зерттеулер мен физика саласындағы серпінді ғылыми әзірлемелердегі ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Конференцияны өткізу Қазақстандағы ғылыми орталықтардың ғылыми әлеуетін нығайтуға және ғылыми қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатуға үлес қосуға мүмкіндік береді.