Баспасөз хабарламасы

ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі алғаш рет депутаттарға «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасынада «Жас ғалым» мәртебесін және Қазақстан ғылымының шешуші проблемалық мәселелерінің басқа да нормаларын бекітуді ұсынады.

2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдар кеңесі құрылып, оның Президиумы құрылды. Кеңес қоғамның консультативтік-кеңесші органы болып табылады, оның негізгі мақсаты жас ғалымдардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету, олардың кәсіби мансабына қолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумының бірінші жұмыс отырысы Maqsut Narikbayev University-де өткізу жоспарлануда. Жиынға Президиум мүшелері мен Ғылым академиясының жаңа вице – президенті-белгілі ғалым Дос Сарбасов,                Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы қатысады.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістер немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе. Жас ғалымдар кеңесі депутаттарға заң жобасына халықаралық ғылыми практика стандарттарына сәйкес келетін «Жас ғалым» ұғымын енгізуді ұсынбақшы.

Бүгінде бұл ұғым ғылым туралы заңда және басқа да заңға тәуелді актілерде анықтаусыз қолданылады, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру жөніндегі жыл сайынғы конкурста, сондай-ақ Мемлекет басшысыныңҮкіметке «Жас ғалым» жобасы шеңберінде зерттеулер жүргізуге 1000 грант бөлу жөніндегі тапсырмасында (жас ғалымдар) және жас ғалымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қызметіне тартуда қолданылады;

Кеңестің ұсыныстары ғылымды басқарудағы проблемаларды шешуге, мысалы, мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама жүргізу мерзімдерін жылдан жылға сақтамау және соның салдарынан ғылыми жобалар мен бағдарламаларды уақтылы қаржыландырмау сияқты мәселелерді шешуге арналады.

Отырыста жас ғалымдардың омбудсмені Хасенов Муслим Ханатұлының «Жас ғалымдардың құқықтық жағдайы және құқықтарын қорғау туралы» талдамалық баяндамасы жарияланады. Сонымен қатар, кеңес бір жылға арналған жұмыс жоспарын бекітеді.

ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі Президиумының отырысы офлайн / онлайн форматта өтеді.

Өтетін күні: 2024 жылдың 13 наурызы (сәрсенбі), сағат 14.00
Өтетін орны: Астана қаласы, Maqsut Narikbayev University, Қорғалжын тас жолы 8, Конференц-холл, 5 қабат
Аккредиттеу үшін: Алиханов Қуантар Дәуленұлы (+7 775 943 0305 Whatsapp)