Жетекші жас ғалымдармен кездесу:ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында алғаш ретЖас ғалымдар кеңесі құрылады
2024 жылдың 23 ақпанында (жұма) ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі — Академия) жас ғылым көшбасшыларымен кездесу өткізеді. Бұл жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның бөлігі.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, жас әрі қалыптасқан ғалымдар қатысады.
Қазір елімізде ғалымдардың жалпы саны 22 мыңнан асқанына қарамастан, ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметкерлердің орташа жасы 57 жасты құрап отыр, ал ғалымдардың жалпы санының 15% — ы зейнеткерлік жасқа жеткен.
Кездесу аясында дөңгелек үстел өтеді, онда жетекші жас ғалымдар ғылыми экожүйені дамыту және ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша өз идеяларымен бөлісіп, жас ғалымдардың ғылымдағы рөлін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының жанынан алғаш рет Жас ғалымдар кеңесінің құрылғаны жарияланады.
ЖҒК еліміздің жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие беделді ұйымға айналады.
Ғылыми әкімшілендіру саласында алғаш рет жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі Президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымы ресми түрде енгізіледі, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктеледі.
Сонымен қатар, жетекші жас ғалымдар сарапшы ретінде тәуелсіз талдамалық ұсыныстар береді және Академияның сараптамалық-аналитикалық қызметіне, ғылымды насихаттауға, форсайттық зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ Ғылым бойынша Ұлттық баяндама дайындауға қатысады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының еліміздің көрнекті жас ғалымдарымен кездесуіне қатысуға шақырамыз.
Күні: 23 ақпан (жұма) 2024 жыл, Уақыты: 14.30 сағ.
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби даңғылы 71/27, Әл-Фараби кітапханасы, 409 мәжіліс залы
Аккредиттеу үшін: r.seitov.nas@gmail.com поштасы арқылы
Алиханов Қуантар (+7 775 943 0305 Whatsapp)