Академия ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысымен кездесті

2024 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының  ұйымдастырумен ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымы басшылығы мен отандық ғалымдардың кездесуі өтті.

Аталған кездесуге ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлы, бас хатшының кеңесшісі Мұқанов Қайрат, ұйымының арнайы өкілі Давлетов Тимур, хатшының Халықаралық кино жөніндегі кеңесшісі Борубай Сабыр және қаламыздың жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті А.Күрішбаев ғылым ұлтқа бөлінбейді, отандық ғылымды дамытуда халықаралық жетекші ұйымдармен интеграция жасау өте маңызды себебі сол арқылы ғылым дамып, ғылыми жетістіктер әлемдік өркениетің бір бөлігіне айналады. ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымы түркі әлемнің рухани мәдени құндылықтарын насихаттауда жұмысы жүйелі, әрі нәтижелі ұйым екенін белгілі, осы орайда Академия мен ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымы арасында екі жақты ынтамақтастық туралы меморандум жасау ұсынысын атап өтіп, бұл өз кезегінде ғылыми-тәжірбиелік бағыттағы жұмысты қамтитын келісім болатына сенім білдірді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымы кеңесіне мүше елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты отырысында қабылданған шешімге сәйкес «Түркі әлемінің петроглифтері» атты 6 томдық альбом шығару жоспары талқылап,  аталған меморандум нәтижесінде өткізетін бірнеше іс шаралар туралы ой бөлісті.