Республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтуде

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұжымы мемлекеттік деңгейде өткізіліп жатқан іс-шарадан қалыс қалмай, дәстүрлі құндылықтар мен ұлттық стильді дәріптеу мақсатында ұлттық нақышта киім киіп онкүндік шеңберінде ішкі жоспарға сәйкес жұмыс жасауда.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киімнің мәні жаңа сипат алды: бұрынғы дәстүрлер мен қазіргі үрдістерді біріктіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез бен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналуды.
Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтіп жатқан «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.