2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері Қытай Ғылым Академиясының Микробиология институтында (IMCAS) және Қытай Ғылым Академиясының География және Табиғи Ресурстар Институтында болып, Қытай медицина ғылымдары академиясының басшылығымен кездесті. Сапар барысында олар осы мекемелер жүргізетін озық әзірлемелермен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты.
Қытай Ғылым Академиясының Микробиология институты (IMCAS) микробиология саласында мамандандырылған жетекші ғылыми орталық болып табылады. Ол микроорганизмдер биологиясы, микробиоталар және олардың өмір мен экожүйелердің әртүрлі аспектілеріне әсері туралы тамаша зерттеулерімен кеңінен танымал.
Қытай Ғылым Академиясының География және табиғи ресурстар институты География, экология және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану саласындағы зерттеулермен айналысады. Оның міндеттеріне қоршаған ортадағы өзгерістерді зерттеу, биоәртүрлілікті бағалау және тұрақты даму стратегияларын әзірлеу кіреді.
Мекемелерге барғаннан кейін Aкадемияның Вице-президенті Ләззат Ералиева және ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының жетекшісі Анар Мұхтарова Қытай медицина ғылымдары академиясына барып, Қытай медицина ғылымдары академиясының Вице-президенті, философия және медицина ғылымдарының докторы, Профессор Цзяньвэй Ванмен (Jianwei Wang) кездесіп, медициналық зерттеулер мен тәжірибе саласындағы Қытайлық әріптестермен ақпарат алмасты.