Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев MOST Holding негізін қалаушылар Павел Коктышев және Мират Ахметсадықовпен кездесті.
Бұл ғылыми қоғамдастық пен венчурлық индустрия мен стартаптар арасындағы тығыз ынтымақтастықты бастауға арналған тарихи кездесу. Кездесу барысында жоғары технологиялық жобаларды дамыту және қолдау, deep-tech жобаларының пайда болуы мен іске асырылуы үшін қажетті экожүйені құру, инвестициялар тарту мүмкіндіктері туралы талқыланды.
Жоғары технологиялық ғылыми жобаларға арналған инкубациялық бағдарламаларды жүргізуде, болашақта қызықты болуы мүмкін ғылымды дамыту үшін перспективалық бағыттарды айқындауда одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және оны бизнес қауымдастық пен инвесторлар қолдады.
Анықтама:
MOST Holding — он екі жылдан астам уақыт бойы Орталық Азияда технологиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін инновациялық экожүйені құрумен айналысып келе жатқан жеке инвестициялық компания.
Бүгінгі таңда топтың құрамына most Ventures венчурлық қоры, MOST Business Intelligence, коворкинг кеңістігі most it Hub, Umay Angels Club венчурлық инвесторлар клубы және most media толық циклді медиа компаниясы кіреді.
MOST Holding компаниялар тобы қаржылық қолдауды, инвестицияларды, ынтымақтастық кеңістігін және сараптамалық ресурстарды бір динамикалық бизнес ортасына біріктіру арқылы инновацияларға интеграцияланған тәсіл-әдістер жасайды.