ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ғылым күніне арналған ғылым апталығы аясында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Ғылым: Кеше. Бүгін. Ертең» атты LХIII халықаралық конференциясы өтті. Дәстүрлі шараға Қазақстан, Орынбор, Уфа медициналық университеттерінің өкілдері мен оқу орнының профессор-оқытушылық құрамы және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бас сарапшысы Динара Сатмбекова қатысты. Аталмыш іс-шарада еліміздің барлық медициналық ЖОО –ры мен ҒЗИ және ҒО-ның, сонымен қатар алыс-жақын шет елдердің 400-ден астам жас ғалымдары 22 секцияда ғылыми баяндама жасады.