Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» және «Медицина және денсаулық сақтау» бағыттары бойынша осы хабарландыруға қосымшаларда белгіленген шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлауға конкурс жариялайды.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академик болып сайлануға үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
2) соттылығының болмауы;
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану қағидалары сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган таныған ғылыми дәрежесінің (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) растайтын дипломдардың көшірмелері және ғылыми атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) болуы;
4) үміткер штаттық қызметкер болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүргізуге аккредиттелген ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
5) соңғы 10 (он) жылда Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша 1 (бірінші) және 2 (екінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) дерекқорының Cite Score (Сайт Скор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде
50 (елу) бар болатын рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде
9 (тоғыз) басылымның болуы, ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттарды және ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі бағыттарды қоспағанда;
6) ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізбесінің журналдарында жарияланған соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы және (немесе) Scopus/Web of Science (Скопус/ (Веб оф Сайнс) дерекқорларында рецензияланған ғылыми журналдарда;
7) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі бағыттар үшін соңғы 5 (бес) жылда мамандандырылған ғылыми журналдарда кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы.
Осы конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының келесі бөлімшелері бойынша бос орындарға жарияланды:
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша) – 4 бірлік;
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімі («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 2 бірлік.
Ескертпе: аталған бағыттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттардың жіктеуішіне сәйкес келтірілген.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген және тізбесі 1-қосымшада көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының нақты орналасқан жері бойынша қабылданады: Алматы қ., Қ.Сәтпаев к-сі, 22, 405-кабинет.
Пошталық мекенжайы: A05k3f0 (050012), Алматы қ., Шевченко к-сі, 28,
нақты орналасқан жері: A15X3C7 (050013), Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады
+ 727 2926729
+727 2925911
+77759430305
Хабарламаның толық тексті уәкілетті орган (ҚР ҒЖБМ) сайтында сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/648036?lang=kk