2024 жылғы 25-26 сәуірде Академия Вице-президенті, профессор Ләззат Ералиева, Ғылыми-техникалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Анар Мұхтарова және Өмір және денсаулық ғылымдары орталығының бас ғылыми қызметкері Динара Сатмбекованың Шэньчжэнь университеті медицина мектебі өкілдері профессор, PhD, Шэньчжэнь Университетінің Медицина мектебінің атқарушы деканы – Xingzhi (Xavier) Xu және Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, осы университеттің ресми халықаралық өкілі – Айма Адыловамен кездесті. Тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуге сондай-ақ Батыс Қазақстан медициналық университетінің (БҚМУ) Басқарма мүшесі, стратегиялық даму, ғылым және ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Журбекова қатысып, ғылыми және білім беру байланыстарын нығайту үшін университеттер арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.
Пікірталас барысында бірлескен зерттеулер мен академиялық алмасуларды қоса алғанда, денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды. БҚМУ мен Шэньчжэнь Университетінің Медицина мектебі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға ерекше назар аударылды, ол екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға негіз болады.
Кездесу қорытындысы медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми ынтымақтастықты белсенді дамыту және тәжірибе алмасу қажеттілігін өзара қабылдау, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту және медицина саласындағы инновацияларды ілгерілету жолындағы маңызды қадам болатын бірлескен зерттеу орталығын құру мүмкіндігін іздеу болды.