Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетімен бірлесіп 2024 жылдың 26-27 сәуірінде ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Тәжірибеден жобаға» атты студенттер мен жас ғалымдардың IV халықаралық конференциясын өткізді.
Конференцияның бірінші күні Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің стартап жобалары таныстырылды. Студенттер өздерінің идеяларын, потенциалын және медициналық мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдерін көрсетті.
Конференцияға қатысушылар ғылым мен даму үшін қолайлы атмосфераны құра отырып, тәжірибе және ойларымен алмасты.
Конференцияның бірінші күнінің жеңімпаздарын құттықтаймыз.