ҚР ҰҒА Президенті А. Күрішбаев Иран Президенті Ибрахим Раисидің  қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

✅ Бүгін ҚР ҰҒА Президенті, KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаев Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулдығына барып, Иранның Жоғарғы көшбасшысы және Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің әуе апатынан қайтыс болуына байланысты барша иран халқына көңіл айтып, естелік кітапқа жазба қалдырды.

✅ Естеріңізге сала кетейік, Иран президенті мен оның командасы елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Хода Афарин аймағынан қайтып келе жатқанда тікұшақ апатынан қайтыс болған еді.

✅ Қазақстандықтар көрнекті мемлекет қайраткері Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды.