Мехлис Қасымұлының қайтыс болуына байланысты көңіл хат

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы танымал ғалым, академик, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Мехлис Қасымұлының қайтыс болуына байланысты барлық жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Мехлис Қасымұлы – әлемге әйгілі ғалым, соңғы күндеріне дейін әрдайым ғылыми ізденісте болып, ғылымды дамытумен және насихаттаумен айналысқан. Оның есімімен аграрлық ғылымның көптеген жетістіктері біздің елде ғана емес, әлемдік ғылыми аренада да байланысты.

Академик М.К. Сүлейменов – еңбектері елдің агроөнеркәсіптік кешені мен азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға үлкен серпін берген егіншілік саласындағы ғалымның жарқын тұлғасы. Өмір бойы ел игілігі үшін еңбек етіп, қазақстандық аграрлық ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосып, ғалымдар мен фермерлерге аграрлық саланың түрлі мәселелерін дұрыс бағдарлауға көмектесті.

Ол Солтүстік Қазақстанның алқап шаруашылығына топырақты тұқым себердің алдында өңдеу, жаздық бидайдың тиімді құнарлық аумақтары, астық дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларының негіздерін әзірлеп, енгізген. Ең бастысы, егіншілікті таза парсыз жүргізу мүмкіндігі дәлелдеген.

М.Қ. Сүлейменов егіншілік ғылымында жаңа бағытты әзірлеп, Қазақстанда ғалымдардың мектебін қалыптастыра білді. Ол егіншілік саласы бойынша көптеген халықаралық ғылыми форумдардың басшылық органдарына сайланған ТМД-дағы тұңғыш ғалым.

Мехлис Қасымұлының кәсібилігі, еңбекқорлығы мен жоғары жетістіктері көптеген мемлекеттік және халықаралық марапаттарымен расталған. Ол Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім Президеттік сыйлығының тұңғыш лауреаты.

Мехлис Қасымұлының иманы саламат болсын. Артында қалған ұрпақтары мен шәкірттеріне ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілейміз.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұжымы