28 мамыр 2024 ж. Ресей Ғылым академиясы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясының 300 жылдық мерейтойына арналған жалпы жиналысына қатысты.

2024 жылдың 28 мамырында Мәскеуде Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Президиумының ғимаратында Ресей Ғылым академиясының 300 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жалпы жиналыс өтті.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының атынан Вице-президент, профессор, м.ғ. д. Ләззат Тасболатқызы Ералиева қатысты.

Ресей Ғылым академиясының жалпы жиналысы ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағын талқылау үшін ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосқан Ресейдің ғылыми қоғамдастығында маңызды оқиға болды.

https://smotrim.ru/amp/video/2812522

https://new.ras.ru/activities/news/gennadiy-krasnikov-vystupil-s-traditsionnym-dokladom-na-obshchem-sobranii-chlenov-ran