«Jas Galym. Science Quest»

⚜ Мемлекет басшысы халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастыруымен өткен «Jas Galym. Science Quest» фестиваліне қатысты.

🔹Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге «Science», «Engeneering», «Art», «Technology» және «Mathematics» станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.
🔹Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.