2024 жылғы 03 маусымында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырумен «Орталық Азияның тарихи географиясы» халықаралық конференциясының ресми ашылу салтанаты өтті.
Аталған конференция тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдерінде де ғылым тарихындағы алғашқы тақырыптық ғылыми оқиға болып табылады. Осыған орай, Алматыда алғаш рет белгілі, көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар бас қосты.
Халықаралық конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмаханұлы Ахмед-Заки, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова алғы сөзін сөйлеп, ғалымдардың ұзақ мерзімді зерттеулерінің тың нәтижелері, біздің өңірдің тарихи географиясының өзекті мәселелерін шешуге өз септігін тигізетінін және болашақ ғылыми ынтымақтастық үшін жан-жақты байланыс орнату қажеттігін атап өтті.
Тұңғыш рет халықаралық конференцияның негізгі спикері болған Гарвард (АҚШ) университетінің Халықаралық істер жөніндегі Вице-ректоры және Қытай және Ішкі Азия тарихы бойынша Марк Шварц профессоры Марк Эллиотт негізгі баяндама жасады.
Гарвардтық профессор тарихи география мен картографияны дамытудағы түрлі тәсілдерді зерттеу арқылы XI-XIX ғасырлар аралығындағы тарихи карталарда Орталық Азияның қалай бейнеленгені, картаға түсірілгені және ұсынылғаны туралы өзекті ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Катар, Моңғолия, Ресей, Қытай, Түркия, Чехия және Орталық Азия мемлекеттерінен белгілі ғалымдар мен зерттеушілер гибритті форматта қатысуға мүмкіндік алды.
Екі күнге жоспарланған халықаралық конференцияда төмендегі тақырыптар бойынша секциялық отырыстар өткізілетін болады.
• Тарихи географияның негізгі ұғымдары мен мәселелері
• Орталық Азияның тарихи географиясы: еуропалық және орыс деректерінде
• Орталық Азияның тарихи географиясы: араб, парсы және түркі деректерінде
• Орталық Азияның тарихи географиясы: қытай, маньчжур және моңғол деректерінде
• Орталық Азияның топонимикалық географиясын картаға түсіруі және ГИЖ (геоақпараттық жүйелер)
• Орталық Азияның тарихи-мәдени географиясы.
Халықаралық конференция қортындысы бойынша жетекші ғалымдардың баяндамалары негізінде халықаралық конференцияның материалдар жинағы жарық көретін болады. Ол орта Азия өңірінің сан ғасырлық тарихы, оның тарихы мен географиясы туралы талдамалық анықтама болатыны сөзсіз.