«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Ғарыштық технологиялар» бағыттары бойынша Форсайт сессиялары өткізілді

2024 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы «Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар» және «Ғарыштық технологиялар» бағыттары бойынша форсайт сессияларын Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткізді. Сессияға ҚР ҒЖБМ вицеминистрі Д.Р.Щеглова, еліміздің жетекші IT және ғарыш компанияларының басшылары, ғылыми қызметкерлер, салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар АКТ және ғарыштық технологиялар саласындағы ғылымды дамытудың ұлттық стратегиясы мен ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажеттілігіне баса назар аударды, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын, сондайақ, Қазақстанның ғарыш секторындағы АКТ мен ғарыштық технологияларды дамытудағы қиындықтар мен кедергілерді талқылады.

Форсайт сессияларының нәтижелері гранттарды бөлу және бағдарламалықнысаналы қаржыландыру бойынша басымдықтарды негіздеу үшін, сондайақ ғылымитехникалық даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.