«Білім және қоғамды дамыту ғылымдары» бөлімшесі жұмыс тобының отырысы өтті

2024 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педегогикалық университетінің қабырғасында «Білім және қоғамды дамыту ғылымдары» бөлімшесінің жұмыс тобы отырысын өткізді.

Отырысқа отандық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың басшылары және осы саланың жетекші ғалымдары қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері Мемлекет басшысының отандық ғылымды дамытуға қатысты тапсырмаларын орындау бойынша кешенді жұмыс жоспарын әзірлеу, ғылым бойынша Ұлттық баяндамаға қажетті ақпараттарды ұсыну, «Білім және қоғамды дамыту» туралы ғылымдар бөлімшесінің жұмыс бағытын анықтау және аталған бағыт бойынша мегажобаның ғылыми-техникалық тапсырмасын, тұжырымдамасын талқыланып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдірді.

Жиын гибридті (онлайн/офлайн) форматта өткізілді, әр өңірлерден 40 жуық жетекші ғалымдар қатысып, құнды ұсыныстар жинақталды. 

Отырыс барысында жұмыс тобының құрамы жаңартылып, оның жүйелі жұмыс жоспарын әзірлеу туралы келімге келді.