Кез келген мемлекетте экономиканың негізгі тірегі – ғылым мен инновация

Қазақстан ғылымы қалай дамып жатыр? Еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту үшін не істеуіміз керек? Жақында ғана ҚР Парламенті Сенаты мақұлдаған заңда не қамтылған? Ғалымдарды әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі қалай жүріп жатыр?

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені дайындаған «Ғалымның хаты» деректі фильмінде осы секілді сан түрлі сұрақтың жауабы қамтылып, ғылым мен ғалым мәселесі сөз болды.