АЛМАТЫ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІНДЕ ҒЫЛЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері Алматы телеарнасының тікелей эфирінде қорытынды жаңалықтарда сұхбат берді.

Сұхбат барысында отандық ғылымдағы басты жаңалықтар, ахуалы, өзекті мәселелері, ғалымдарды жан жақты қолдау туралы сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының атқарып жатқан негізгі жұмыстары, алдағы уақытқа жоспары және Жас ғалымдар кеңесінің қызметі, мүшелерінің әлеуеті мен жарқын жетістіктері тілге тиек етілді.

@almaty.tv ұжымына алғыс айта отырып, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Отандық ғылымды дәріптеуде, насихаттауда атқарып жатқан жұмыстарыңызға толағай табыс, сарқылмас шабыт, креативті, тың идеялар тілейміз!

Сұхбаттардың толық нұсқасы төмендегі сілтемелер бойынша: