2024 жылғы 04 шілдеде Қазақ ұлттық
аграрлық зерттеу университетіне Қытай ғылым академиясының Микробиология
институтының директоры, әлемдік
деңгейдегі ғалым Gao Fu (Гао Фу) және ҚХР жетекші ғалымдары ресми сапармен
келді. Делегация құрамында Қытай Ғылым академиясының Микробиология институтының
профессорлары Ванг Хан, Ванг Ликуй, Би Юхай сияқты танымал ғалымдар, сондай-ақ,
ҚХР Алматыдағы ғылым және технологиялар бойынша Консулы Джан Вэй бар.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытайдың
ғылым-білім беру ұйымдары мен орталықтары арасындағы өзара байланысты кеңейту
және тереңдету жөнінде пікір алмасты.
Gao Fu (Гао Фу) – Қытай Ұлттық ғылым академиясының
академигі, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей ғылым
академияларының академигі. Scopus халықаралық деректер базасында 930-дан астам
ғылыми еңбектері бар және Хирш индексі 116-ға тең. Ол жаңа коронавирусты ашушы
және жаңа коронавирусқа арналған әлемдегі алғашқы клиникалық мақұлданған
бейтараптандыратын антидене препаратын және жаңа коронавирусқа арналған
рекомбинантты ақуыз суббірліктеріне негізделген алғашқы вакцинаны жасаушы. Негізінен
патогендердің ие аралық берілуін, хост жасушаларының инфекциясы мен
иммунитетін, вирусқа қарсы әдістерді, сондай-ақ пайда болатын жұқпалы
аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күресте маңызды қолдау көрсете отырып,
қоғамдық денсаулық сақтау саясаты мен жаһандық денсаулық сақтау стратегияларын
зерттеумен айналысады.
Өз кезегінде Gao Fu (Гао Фу) Қытайдың ауылшаруашлығын
дамытудағы тәжірибелік жетістіктерін пайдалана отырып, қытай технологиясын
Қазақстанға енгізу арқылы экологиялық таза өнім алуға мүмкіндіктер ашылғанын
атап өтті. Ол ғылым және білім беру байланыстарын тереңдетудің тиімді
тетіктерін бірлесе іздеуді және іске асыруды жеделдетуге ниетті екенін
білдірді.
Кездесуде ынтымақтастық бағыттары коронавирус инфекциясы
мен иммунитетін, вирусқа қарсы әдістерді, сондай-ақ пайда болатын жұқпалы
аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрес, стратегиялық зерттеулермен айналысу
қамтылды. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру
қарастырылды.
Академия тарапынан пәнаралық сипатта дайындалатын
ғылыми-техникалық тапсырманы әзірлеуде шет елдік серіктес ретінде Қытай
ғалымдарына ұсыныс айтылып, екінші тараптан қолдау білдірілді. Сондай-ақ,
Академияның жұмысына шет елдік тәуелсіз сарапшы ретінде кеңес беру және
бірлескен ғылыми-кадрлар даярлауда Ph.D докторанттарға шет елдік ғылыми кеңесші
болу, ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуы, ғылыми тағылымдамадан өту мәселелері
талқыланып, аспан асты елінің ғалымдары тарапынан құпталды.
Академик Gao Fu (Гао Фу) KazNARU базасында One Health (ДСҰ)
жобасы аясында адам және жануар саулығы, қоршаған ортаны қорғау, ветеринариялық
қауіпсіздік (вирусология, вакцинология, ветфармакология, дезинфектология)
бағытында зертханалар ашу жайлы ұсыныс айтылды. Бұл бастаманы күні кеше
Академия және Шэньчжэнь университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім
үрдісінде жалғастыруға болады.
Кездесу өзара сыйластық пен түсіністік жағдайында өтті
және мәртебелі қонақтар алдағы уақытта университетпен әріптестік
ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.