2024 жылғы 18-19 шілдеде Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек кентінде Қазақстан мен шетелдің 200-ден астам компаниясы мен 5000-нан астам қатысушылардың басын қосқан «Jańa Dala / Green Day 2024» қазақстандық дала күні жыл сайынғы мамандандырылған көрмесі өтті. ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы осы ауқымды іс-шараны ұйымдастырушыларының бірі болды.
Көрмеде заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының селекциялық жетістіктері, заманауи жоғары өнімді техниканың үлгілері және ветеринария саласындағы инновациялық әзірлемелер көрсетілді.
Ресми ашылуға Ақмола облысының әкімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым хатшысы, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Германияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің шетелдік ауыл шаруашылығы қызметтерінің атташесі, ірі шаруа қожалықтарының директорлары, фермерлер және т. б. қатысты.
Дала күнінде аграрлық ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында заманауи агротехнологияларды енгізу, жоғары өнімді техниканы, цифрлық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды, сондай-ақ мемлекеттің агробизнесті қаржылық қолдау, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу бағдарламасы, агросекторды субсидиялау және Қытайдың аграрлық нарығына шығу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, шеберлік сыныптары және форсайт-сессия өткізілді.
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту» конференциясында Академияның бас ғалым хатшысы Исмаил Тасанбиұлы Тоқбергенов Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық ғылымды дамыту үшін Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дақылдарының селекция алды және селекциясын тұрақты дамыту мәселелері бойынша сөз сөйледі, сондай-ақ И.Т. Тоқбергенов Қазақстандағы климаттың өзгеруін заманауи болжау мен модельдеуді дамытудың маңыздылығы туралы, қазіргі заманғы жүйені құру туралы, саланы ғылыми қамтамасыз ету және АӨК үшін ғылыми кадрлар даярлау туралы баяндады.
Академия Дала күнінде «Қазақстан Республикасында агроғылымды дамытудың болашағы мен болашақтың сын-қатерлері» тақырыбында форсайт-сессиясын өткізді, онда Қазақстанның жетекші ғалымдары баяндама жасап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығы мен ветеринариядағы трендтерді, тәуекелдерді және проблемалық мәселелерін көтеріп, сондай-ақ олардың шешу жолдарын талқылады.
Дала күнінің қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласының өкілдері «Еңбек ардагері» төс белгілерімен, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Ауыл шаруашылық министрі мен Ақмола облысы әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ ауыл шаруашылығында аграрлық ғылымды дамытудың проблемалық мәселелерін шешу бойынша қорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді.
Аталған іс-шараға қатысушыларды осы жылдың 27 шілдесінде, сағат 09:00 — де Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өтетін «Ауыл шаруашылығын дамыту: Су ресурстарын тұрақты және қауіпсіз басқару» тақырыбында егінжай күніне қатысуға шақырылды.