Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Басқарма Президенті А.Күрішбаев Ядролық физика институтында болды.
Сапар барысында институт қызметімен, ғылыми-техникалық әлеуетімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, атом саласына ғылыми кадрларды даярлау мәселелері, мегагранттардың техникалық тапсырмалары талқыланды.
Алматы қаласында 2024 жылдың 7 қарашасында институт базасында өтетін «Ядролық ғылым және технология» V халықаралық ғылыми форум аясында Қазақстан Республикасындағы атом өнеркәсібін дамыту және диссертациялық кеңесті қайта құру мәселелері бойынша дөңгелек үстелді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды
Author
Шавкат Сабиров