Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырумен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Егінжай күні» ғылыми-практикалық семинары өткізілді. Дала төсінде өткен бұл іс-шараға ғалымдар, агрономдар, фермерлер мен сарапшылар жиналып, ауыл шаруашылығындағы толғақты мәселелер төңірегінде ой қозғады. Аграрлық саланың озық технологиялары орналастырылған ауыл шаруашылығы көрмесімен танысты.
Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, елдің су ресурстарының жартысына жуығы мемлекеттен тыс жерде қалыптасып отыр.
Егемен Қазақстан,
08.08.2024 ж.
Ұлбосын ИСАБЕК
Мақаланың толық мәтіні: https://egemen.kz/article/369882-egindgayda-qozghaldy-eldinh-qamy