2024 жылдың 15 тамызында ғылым мен бизнестің өзара іс — қимыл мәселелерін талқылау және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ (бұдан әрі-Академия) мен «KMG PetroChem» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100 пайыздық еншілес кәсіпорны арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою бойынша кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты — Қазақстан экономикасы мен тұрақты дамуының заманауи негізі болып табылатын ғылым мен бизнес арасындағы байланыстарды нығайту және интеграциялау. Бұл кездесу тараптардың ғылыми және коммерциялық қызметтің тиімді дамуына және нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ оның мемлекет, экономика және қоғам үшін маңыздылығын арттыруға бағыталған пайдалы ынтымақтастықты орнату болды.
Кездесуде ғалымдар мен мұнай – газ-химия бизнесінің өкілдері арасында консорциумды кезең-кезеңімен құру, тыңайтқыштар-карбамид өндіру жөніндегі жобаны іске асыруға ғылымды тарту және тыңайтқыштарды қолдану бойынша ғылыми зерттеулер мен сынақтар жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл ретте ғылыми жетістіктер мен зерттеулер есебінен өндірістік әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылды.
Кездесуде Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары-KMG PetroChem Басқарма мүшесі Диянов Дияз Мұхтарұлы ғалымдармен ынтымақтастық мұнай-газ химиясы жобаларын әзірлеу және іске асыру кезінде қазақстандық ғылымды тарту мүмкіндігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Ғылым мен бизнестің бірлескен күш-жігері өзекті технологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосуға көмектеседі. Ол ғылымға инвестиция салу бизнестің экономикалық тиімділігін. Сондай-ақ, KMG PetroChem перспективалы жобалардың бірі ретінде карбамид өндіретін зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда және осы бизнес-жобаны табысты іске асыру үшін KMG PetroChem ғылыммен ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті
Академияның агробиоресурстар және экология ғылымдары орталығының басшысы Жанна Сәрсімбайқызы Алманова бизнес – сектор мен ғылымның ынтымақтастығын нығайтудың, елдің кадрлық әлеуетін арттырудың және оларды коммерцияландыру мақсатында ғылыми әзірлемелерді құрудың маңыздылығы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, карбамид өндіру мәселесі бойынша С. Алманова әлемде азотты тыңайтқыштарды пайдалану бойынша талдамалық ақпаратты ұсынды және Қазақстанда карбамидті қолданудың ғылыми нәтижелерін енгізу және зерттеу жүргізу перспективалары туралы айтты. Еліміздің әлеуметтік — экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндіріспен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізуде айрықша рөл атқарды. Академияның KMG PetroChem-мен ынтымақтастығы ғылыми зерттеулер мен оларды практикалық қолдану үшін жаңа көкжиектер ашады. Бұл ғылымды, технологияларды дамытудың перспективалық бағыттарын анықтауды, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды және елдің экономикалық өсуі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтиды.
Кездесуде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның аясында Карбамид жобасының мысалында Академия минералды тыңайтқыштарды кешенді өндірістік сынақтар мен зерттеулер жүргізуді ұсынды, олардың нәтижелері негізінде оларды нақты өндіріс және технологиялық сүйемелдеу жағдайында тиімді қолдану бойынша ұсынымдар ұсынылатын болады, сондай-ақ технологиялық даму перспективаларын айқындау бөлігінде бірлескен форсайт-зерттеулер жүргізілетін болады.
Бұл іс-шара қазақстандық ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың, отандық ғылыми қоғамдастықты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы міндеттерін шешуге бағдарлау мен шоғырландырудың тағы бір қадамы болып табылады.
Іс-шараға академия басшылары мен ғалымдары, KMG petrochem және ғылыми-зерттеу институттарының бизнес өкілдері қатысты.