2024 жылғы 16 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы басшылығының Назарбаев университетінің жаңа басшылығымен алғашқы кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – еліміздің екі жетекші ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы одан әрі ғылыми ынтымақтастықтың келешегін талқылау.
Кездесуге Назарбаев Университеті тарапынан президент профессор Вакар Ахмад, вице-президент Увалиева Әсел, ал Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының атынан Академия Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Вице-президент Ералиева Ләззат Тасболатқызы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Кездесу барысында тараптар ғылыми ынтымақтастықтың бағыттарын талқылап, екі ұйымның ғалымдары арасында бірлескен зерттеулер, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және тәжірибе мен білім алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2010 жылы құрылған Назарбаев Университеті Қазақстанның жетекші зерттеу университеті болып табылады. Университет өзінің дербестігімен және академиялық еркіндіктің жоғары деңгейімен танымал, бұл тек Қазақстаннан ғана емес, бүкіл әлемнен үздік оқытушылар мен студенттерді тартуға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және Қазақстан Республикасында ғылым мен технологияларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді. Іс-шара фотосессиямен және символдық сыйлықтар алмасумен аяқталды.