2024 жылғы 19 тамызда Душанбеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Тәжікстан Республикасы ғылым академиясы ҚР Президентінің 2024 жылғы 22 тамызда Тәжікстан Республикасына мемлекеттік іссапары аясында конференция өткізді.
Конференция жұмысына Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы басшылығы мен акадмиктер және ғылыми зерттеу институттарының директорлары, ғалымдары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты – ғылым саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, Тәжікстан мен Қазақстан ғалымдарының ғылыми әлеуетін біріктіру, сондай-ақ бір платформа аясында ғылыми зерттеулерді үйлестіру мәселелерін талқылау.
Конференцияда сарапшылар арасында тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ екіжақты кездесулерді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Конференция барысында
- бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының басым бағыттарын талдау және анықтау;
- ғылыми зерттеулерді неғұрлым тиімді интеграциялауға жәрдемдесу;
- жаңа ғылыми жобаларды құруға және жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін Орталық Азия елдерінде ғылым саласындағы реформалар тәжірибесін таратуға жәрдемдесу;
- іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытудың басым бағыттарын анықтау және олардың нәтижелерін экономиканың нақты секторына енгізу шараларын әзірлеу;
- Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы ғылым саласындағы реформалардың тәжірибесін тарату, ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру жолдарын анықтау жөнінде пікір алмасу; мәселелері талқыланды.
Ісшара қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан ғылым академиялары бірнеше ортақ келісімдерге қол жеткізді.
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттары бойынша бірлескен келісімге келу;
- Орталық Азия елдері Ғылым академияларының бірлескен ғылыми жобаларын үйлестіру;
- бірлескен ғылыми экспедицияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша келісім;
- Екі елдің институттары мен ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол жеткізілді.
Конференциядан соң ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев Душанбедегі Орталық Азия экология және қоршаған ортаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығына және Геология, сейсмология және сейсмотұрақты құрылыс институтына барып, алда ортақ жобалар жасауға келісім жасалып, инстиуттағы қазақ академиясының негізін қалаушы Қаныш Сатбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.