Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі жазғы мектептер

18-25 тамыз аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық Түркі академиясы, Түрік тілі қауымдастығы және Түркия ғылым академиясы бірлесіп ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Түркология жазғы мектебі» және «Жаңа энергия технологияларының жазғы мектебі» өтті. Академия атынан Ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының басшысы Анар Мұхтарова қатысып, ашылу рәсімінде құттықтау сөзін сөйледі.

«Түркологиялық жазғы мектебі» түркі әлемінің бай тарихи, мәдени және лингвистикалық мұрасын зерттеуге баға жетпес алаң болса, «Жаңа энергия технологияларының жазғы мектебі» біздің заманымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі — энергетикалық тұрақтылықты талқылауға бағытталды.

Сонымен қатар, Анар Мұхтарова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры профессор, Нурсой Мұстафа мырзамен кездесіп, Академияның Түркия елімен ғылыми байланыстарын нығайту бойынша келіссөз жүргізді.