27 тамыз күні ҒЫЛЫМ ОРДАСЫНДА ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ұлттық ғылым академиясының Президенті және жаңа сайланған академиктер де қатысты.
Отырыста Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Қизатұлы Жабагин Кеңес жұмысының жарты жылдық қысқа есебін баяндап, алдағы жоспары мен бөлімшелердің ұсыныстары талқыланды.
Президиум мүшелері Жакиев Нұрхат Қуандықұлы («Жер, ғарыш және коммуникация» туралы ғылымдар бөлімшесі), Сафарова Юлия Ивановна («Өмір және денсаулық» туралы ғалымдар бөлімшеcі), Сұлтан Ертай («Білім және қоғамды дамыту» туралы ғылымдар бөлімшесі), Тастанбеков Диас Бақытжанұлы («Агробиоресурстар және экология» туралы ғылымдар бөлімшесі), Жас ғалымдар Омбудсмені — Хасенов Муслим Ханатұлы өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарын баяндап, бөлімше мүшелерінің отандық ғылымды дамыту бойынша нақты ұсыныстарын берді.
Жарты жылда Кеңес бес отырыс өткізіп, ғылымды ұйымдастыруда өзекті мәселелерді көтерді, ғылымға қатысты заңнамаларға нақты ұсыныстар жасалды және болашағы зор маңызды ғылыми бағыттарды талқылады. Кеңес президиум мүшелерінің ұсынысымен 17 жалпы кеңес мүшелерімен толықты, сонымен негізгі ғылыми бағыттар қамтылды.
Алдағы жоспар Қаныш Сәтбаевтың 125 – жылдық мерейтойына арналған Жас ғалымдардың I Форумын өткізу.
Кеңейтілген отырыс соңы Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы Жас ғалымдар кеңесінің Президиум мүшелерін «Қаныш Сатбаевтың 125 — жылдық мерейтойы» естелік төс белгісімен мараптаттау рәсімімен аяқталды. Бұл естелік төс белгімен жас ғалымдар отандық ғылыми қоғамда алғашқы болып марапатталды.