Бүгін Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға 42 тан аса ЖОО мен 40 жуық ғылыми зерттеу институттарының бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлыұлы Күрішбаев құттықтау сөзінде Қазақстан ғылымы саласындағы жүйелі реформалардың маңыздылығын және ғалымдардың салмақты дауысқа ие болатын жаңа басқару механизмін құру қажеттілігін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын құру және оған мемлекеттік мәртебе беру осы жаңа жүйенің негізгі элементі екендігіне баса назар аударды.
Толық ақпарат: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kr-prezident-janyindagyi-gyilyim-akademiyasyi-jana-361975/